Қазақстанда 130-дан аса ұлт пен ұлыс тұрады. Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйеніп, олардың үлес салмағына шолу жасады.
Қазақстанда ең көп этностың бірі - орыстар. Орыс халқының саны 2009 жылы 3 793 764 болса, 2021 жылы 2 981 946 болған.
Тізімде абхаздар, аварлар, австриялықтар, агулер, ағылшындар, адыгейлер, албандар, алеуттер, балкарлар, башқұрттар, беларусьтер, белуджилер, т.б. бар.
2021 жылғы халық санағында жалпы саны 130-ға жуық ұлт пен ұлыс көрсетілген.
Ұлттық статистика бюросының 2024 жылғы мәліметінше, Қазақстанда халық саны көп этностар қатарына орыстар, өзбектер, украиндер, ұйғырлар, немістер, татарлар, әзербайжандар, кәрістер, түріктер, дүңгендер, беларусьтер, тәжіктер, күрттер, қырғыздар шешендер, т.б. жатады.
Ал халық саны айтарлықтай көп емес ұлттарға құмықтар, румындар, коми-пермяктар, қалмақтар, арабтар, караимдар, т.б. жатады.
Деректерге сүйенсек, 67 263 адам ұлтын көрсетпеген. Ал тізімде көрсетілмеген басқа этностардың жалпы саны 52 615 болады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!