Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

Қазақстанда қанша көлік тіркелген?
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда тіркелген автокөлік саны 5 579,4 мыңға жетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйеніп.

2024 жылғы тамызда 141,5 мың бірлік автокөлік құралы есепке қойылды, былтыр осы кезеңмен салыстырғанда көрсеткіш 44,1 пайызға өскен. 2024 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 5 579,4 мың бірлікті құрады, оның 88 пайызы - жеңіл автомобильдер, 9,9 пайызы - жүк көлігі және 2,1 пайызы - автобустар.

Шығарылған жылдары бойынша 3 жылдан аспайтын автомобильдердің үлесі автопарктің - 6,2 пайыз, шығарылған жылы 3-тен 7 жылға дейінгі көлік үлесі - 13,1 пайыз, 7-ден 10 жылға дейін - 11,9 пайыз, 10 жылдан 20 жылға дейін - 23,8 пайыз, 20 жыл бұрын өндірілген автомобильдердің үлесі - 44,8 пайыз. Айта кетейік, екі жыл бұрын шығарылған жылы 20 жылдан асатын машиналардың үлесі (2022 ж. 1 қыркүйекке) 50,8 пайыз болған.

Өңірлер бөлінісінде шығарылған жылы бойынша 20 жылдан асқан автомобиль саны Алматы қаласы мен Алматы облысында ең көп. Тиісінше 206 мың және 361 мың, одан кейін Жамбыл - 190,5 мың бірлік, Қарағанды - 183,3 мың бірлік және Шығыс Қазақстан облыстарында - 177,3 мың бірлік. Шығарылған жылы 3 жылдан аспайтын көлік саны бойынша Алматы (55,3 мың), Астана (42 мың) қалалары және Алматы облысы (22,4 мың) алда.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина