Қазақстанда қанша көлік тіркелген?

1 мамырдағы жағдай бойынша, Қазақстанда 5442,9 мың көлік тіркелген , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның ішінде:

88 пайыз – жеңіл автомобильдер
9,9 пайыз – жүк автомобильдері
2,1 пайыз – автобустар

Былтыр автокөлік бойынша 1 191,3 мың тіркеу жүргізілді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1,6 есе көп.

2024 жылғы сәуірде есепке 157,9 мың бірлік автокөлік құралдары қойылды, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайыз кеміді, оның ішінде жеңіл автомобильдер 8,6 пайызға кеміді, жүк автомобильдері 2,9 пайызға кеміді және автобустар 15,3 пайыз-ға артты

2024 жылдың 1 мамырындағы Қазақстан автопаркінің көліктің шығарылған жылы бойынша көрінісі:

20 жылдан асқан – 44,8 пайыз
10-нан 20 жылға дейін – 23,6 пайыз
7-дан 10 жылға дейін – 12,7 пайыз
3-тен 7 жылға дейін – 12,7 пайыз
3 жылға дейін – 6,2 пайыз

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз