Қазақстанда қанша жетім бала бар?

Қазақстанда қанша жетім бала бар?
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрлігі Қазақстанда қанша жетім бала барын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстанда 21 387 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала бар, олардың 17 660-ы отбасыларда тәрбиеленіп жатыр.

Еліміздегі жетім балалардың 82 пайызы қазақстандық отбасылардың қамқорлығында.

Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина