Қазақстанда қанша бала бар?

Қазақстанда қанша бала бар?
Фото: Midjourney/Tengrinews

1 маусым - балаларды қорғау күні. Massaget.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросынан Қазақстанда қанша бала бар екенін сұрады.

Ресми мәліметке сүйенсек, елімізде 0-17 жас аралығындағы 6 841 527 бала бар.

"Оның ішінде 3,5 миллионы - ұл, 3,3 миллионы - қыз бала. Балалардың 59,7 пайызы қалалық жерде тұрады", - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы мәліметінде.

18 жасқа дейінгі балалардың үлесі 34,1 пайыз болады. Өңірлер арасында халық санындағы балалардың ең жоғары үлес салмағы Түркістан облысында, яғни 43,3 пайызы - 18 жасқа дейінгі балалар, одан кейін Маңғыстау облысы (41,9 пайыз) және Шымкент қаласы (40,6 пайыз).

Өңірлер арасындағы 18 жасқа дейінгі балалар саны:

  • Абай облысы - 188 321
  • Ақмола облысы - 223 493
  • Ақтөбе облысы - 330 877
  • Алматы облысы - 556 114
  • Атырау облысы - 274 688
  • БҚО - 217 427
  • Жамбыл облысы - 465 492
  • Жетісу облысы - 245 056
  • Қарағанды облысы - 317 101
  • Қостанай облысы - 06 584
  • Қызылорда облысы - 335 399
  • Маңғыстау облысы - 329 613
  • Павлодар облысы - 205 030
  • СҚО - 126 424
  • Түркістан облысы 927 107
  • Ұлытау облысы 75 506
  • ШҚО -182 714
  • Астана - 472 070
  • Алматы - 665 430
  • Шымкент - 497 081

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова