Қазақстанда қанша әйел жұмыс істейді?

Қазақстанда қанша әйел жұмыс істейді?
Фото: © elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда жұмыс істейтін қанша әйел бар екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Республикада 4,3 миллион жұмыспен қамтылған әйел бар, бұл - жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 48 пайызы. Әйелдердің 35 пайызы сауда және қызмет көрсету саласында, 32 пайызы білім, денсаулық сақтау және ғылым саласында, 14 пайызы өнеркәсіпте, құрылыс және көлікте, 9 пайыздан астамы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді", - деді Дүйсенова Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, өңірлік жұмыспен қамту карталары аясында 536 мың әйел жұмысқа орналастырылған. Бұл - барлық жұмыспен қамтылған азаматтың 55 пайызы. Ал биыл екі айда бұл көрсеткіш 92 мыңнан асты.

Сонымен қатар, министр қазақстандықтардың жүктілікке және бала күтіміне байланысты қанша алатынын айтты.

"2023 жылы жүктілік және босану бойынша әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан 258 мыңнан аса әйел әлеуметтік төлем алады. Әйелдердің табысына байланысты олардың орташа мөлшері екі айдың қорытындысы бойынша шамамен 900 мың теңге болды", - деді министр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова