Елімізде қанша әйел адам жүргізуші куәлігін алғанын анықтау мақсатында Massaget.kz тілшісі жауапты органдарға ресми сауал жолдады.
Ішкі істер министрлігі мәліметінше, бүгінге дейін елімізде 4372 821 ер адам, 1 490 632 әйел адам жүргізуші куәлігін алған.
Ішкі істер органдары жүргізушілердің жасына, жынысына және басқа да ерекшеліктеріне байланысты жол апатының статистикасын жүргізбейтінін мәлімдеді.
"Әйел жүргізушілерге қатысты арнайы шаралар ұйымдастырылмайды. Жол жүрісіне қатысушылардың бәріне ортақ ереже бар", - деп жазылған ІІМ-нің Massaget.kz-ке жауабында.
Еске салайық, биыл 26 маусымда Алматыда қоғамдық көлік жол апатына ұшырады. Kia көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта өтіп бара жатып, 18-бағыттағы қоғамдық көлікпен соқтығысып, артынша кедергіге соқан. Оқиға салдарынан 25 адам медициналық көмекке жүгінді, бір адам оқиға орнында жан тапсырды.
Артынша Алматыда автобусқа соғылған көлік тізгінінде белгілі кинопродюсер болғаны туралы ақпарат тарады. 28 жастағы әйел қамауға алынды. Дереккөзге сенсек, медиакомпания продюсері елдегі танымал криманал драмалардың түсірілімінде жетекшілік еткен.
"Автобус апатынан көз ашпаған Алматы". Кейінгі 4 жылда қанша жол апаты болды?
Былтыр 22 желтоқсанда да Алматыдағы автобус апатынан үш адам мерт болды. Оқиғаға себеп қоғамдық көлік жүргізушісі болған әйелді ұрған ер адамның әрекеті болған. Биыл автобус жүргізушісін ұрған Дархан Ахмеджановқа түпкілікті 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!