- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қанша автокөлік...
Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылды?
Ішкі істер министрлігі Қазақстанда қанша автокөлік заңдастырылғаны айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 30 415 өтініш мақұлданды. 6 868 автокөлік сәтті заңдастырылды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды.
Заңдастыруға өтінішті электрон үкімет порталы арқылы е-gov.kz, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы, халыққа қызмет көрсету орталықтарында (ХҚКО) арқылы беруге болады.
Автокөлік Қазақстанға 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінуге, қылмыстық есепте тұрмауға, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуға тиіс. Сонымен бірге Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден әкелінген автокөлік кедендік тазартудан өтуі керек. Егер автокөлік заңдастыруға келсе, онда алғашқы тіркеу үшін мемлекеттік алымдарды, техпаспорт үшін және мемлекеттік нөмір үшін бажды төлеу қажет.
Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан