- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қанша адамның...
Қазақстанда қанша адамның өз үйі бар екені анықталды
Биыл 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстанда 2 493 685 тұрғын үй бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан тұрғындарының жартысынан көбінің баспанасы бар. Оның ішінде, халықтың жартысынан астамында (52,2 пайыз) тұрғын үйі бар. Оның ішінде, жастардың үлесі - 29,7 пайыз, ал жасы үлкендердің 75,5 пайыз-інде баспана бар. 30 бен 44 жас аралығында ипотекамен үй алғандардың үлесі - 45,8 пайыз. Тұрғылықты жері бойынша қалада - 50,7 пайыз, ауылда - 54,5 пайыз.
Сауалнамаға қатысқан Қазақстан тұрғындарының 9,3 пайыз-ның меншігінде жалға бере алатын қосымша баспана бар. Шын мәнінде, олардың жартысынан азы (45,6 пайыз) ғана оларды жалға береді. Ауылдық жерлерде қосымша тұрғын үйді 41,9 пайыз жалға береді. Қалалық жерде 49,1 пайыз жалға береді.
Жұрттың көпшілігі жекеменшік үйде тұрады (62,7 пайыз). Аймақтарда пәтер иелерінің саны - орта есеппен 35,4 пайыз. Республикалық маңызы бар қалаларда бұл көрсеткіш 59,2 пайыз-ға дейін артады. Көппәтерлі үйдің ең көбі Астанада - 71,7 пайыз . Алматыда бұл көрсеткіш - 55,8 пайыз. Шымкентте таразы басы тең.
Биыл 1 қаңтардағы мәлімет бойынша Қазақстандағы тұрғын үйлердің жалпы саны - 2 493 685. Оның ішінде, айтарлықтай үлес жеке тұрғын үйлерге тиесілі - 2 182 144 (87,5 пайыз), қалған бөлігі - көппәтерлі үйлерге тиесілі - 311 541 (12,5 пайыз). Яғни, көппәтерлі үйлер ықшам және пәтер саны көп.
Облыстар бойынша Түркістан облысында үй көп. Ең көбі 345,2 мың, ауылдық жерлердегі үйлер саны - 266,3 мың.
Алматы қалалық елді мекендердегі жеке және көппәтерлі тұрғын үйлер саны бойынша көш басында келеді. Мегаполисте 140,8 мың жеке (ЖТҮ жалпы санының 15,9 пайыз) және 27,5 мың көппәтерлі тұрғын үйлер (КПТҮжалпы санының 21 пайыз) бар. Жеке тұрғын үйлер саны бойынша екінші және үшінші орында Шымкент - 137,1 мың үй (15,4 пайыз) және Түркістан облысы - 75,9 мың үй (8,5 пайыз), көп пәтерлі үйлер саны бойынша Қарағанды және Ақмола облыстары - тиісінше 17,4 (13,3 пайыз) және 7,8 мың бірлік (6 пайыз) көш бастап тұр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина