Қазақстанда қанша адамның қосымша жұмысы бар?

Қазақстанда қанша адамның қосымша жұмысы бар?
Фото: pixabay.com

Елімізде 1,4 миллионға жуық адам қосымша жұмыс істейді. Олардың жалпы үлесі - 15,5 пайыз, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл адамдар бір жыл ішінде аптасына 40 сағаттан артық еңбек етеді, ал Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс аптасының ең ұзақ ұзақтығы 40 сағат болуға тиіс.

Экономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, адамдар объективті себептермен қосымша жұмыс істейді. Ал кейбір адамдар лауазымынан және жұмысқа байланысты басқа да игіліктерден айырылып қалмау үшін үстеме жұмыс істеуге мәжбүр.

Бұл жағдайдың негізгі себептері қандай?

"Адамдардың үстеме жұмыс істеуіне кәсіпорынның жұмыс процесін ұйымдастырудағы стратегиясы әсер етеді. ЭЖМ ҒЗУ зерттеушілері жұмыс процесін басқаша ұйымдастыратын компаниялардың екі түрін анықтады. Біріншісі - бағыну емес, үйлестіру қағидаты бойынша құрылады. Олардың негізгі ресурсы – бұл туындаған мәселелерді шешудің стандартты емес және тиімді жолдарын табу міндеті бар қызметкерлер. Мұндай компаниялардағы жұмыс беруші үшін кеңседе өткізілген сағат саны емес, нәтиже маңызды. Бірақ дәл осындай ұйымдар материалдық немесе мансаптық пайда әкелмейді", - дейді институт мамандары.

Екінші тип – функционалдық иерархия.

"Қызметкерлер күнделікті зияткерлік жұмыстармен айналысады және белгілі бір ережелерге сәйкес типтік тапсырмаларды орындайды. Әдетте, кеңседегі кідірістер қызметкердің адалдығын растайды және осы типтегі компаниялардағы мансаптық өсуге тек сапалы орындалған міндеттер ғана емес, сонымен қатар фирмадағы жұмыс тәжірибесі мен басшылармен қарым-қатынас ықпал етеді", - делінген ақпаратта.

Жасұлан Ордабаев

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz