Қазақстанда қанша адамға Астана есімі қойылғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда бүгінде Астана есімді 24 адам тұрады. Олардың ішінде 17-сі – ер адам, 7-еуі – әйел. Былтыр да дәл осындай 24 адам тіркелген.
Астана есімді азаматтардың көбі елордада тұрады (4 адам). Сондай-ақ, Шымкентте, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 3 адамнан тұрады.
15-тен төмен жастағылардың саны – алтау. Тағы бесеуінің жасы 15 пен 19 аралығында, екі адам 20-24 жас аралығында.
25-29 жас аралығында 3 адам, ал 30–34, 40–44 және 60–64 жас аралығында бір адамнан бар. 50–54 жас аралығында Астана есімді үш адам болса, 65 жастан асқан тағы екі адам бар.
Сондай-ақ, ел азаматтарының арасында Астанай деген 5 адам, Астанали есімді 3 ер адам, Нұрастана есімді 5 ұл және 1 қыз бала тіркелген.
Елордадағы басты нышандардың бірі саналатын Бәйтерек монументінің құрметіне 41 адамға Бәйтерек есімі берілген. Қазақша транскрипциямен жазылған 30 адам бар.
Айта кетейік, 6 шілде - Қазақстан астанасының 27 жылдығы.
Еске салайық, шілдеде мемлекеттік мерекелердің бірі – Астана күніне орай қосымша демалыс беріледі. Мереке 6 шілдеде атап өтіледі.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 7 шілдеге ауыстырылады. Осылайша қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова