Қазақстанда қанша адам тұрады?

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы жаңартылған мәліметтерді ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-қа сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеде ел халқының саны 19 миллион 899 мың 377 адам болған.

Елімізде 12,3 миллион адам қалада, 7,5 миллион адам ауылда тұрады.

Жыл басынан бері ел халқының саны 132 мың адамға өсті, оның 125 мыңы – табиғи өсім есебінен (туғандар саны қайтыс болғандар санынан асып түсті), 6,6 мың адам – көшіп келгендер.

Өңірлер арасында ең көп халық саны Алматыда – 2 191 314 адам. Халық саны бойынша Түркістан облысы одан кейінгі орында тұр – 2 133 559 адам, Алматы облысы 1 518 282 тұрғынымен алғашқы үштікті түйіндеп тұр.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – мұнда 1 383 291 адам тұрады, ал Жамбыл облысы бесінші орында – 1 222 257 адам.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!