Бас прокуратура 2023 жылғы үкімдер туралы мәліметті ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Tengrinews.kz ресми сауалына Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті 2023 жылдың 9 айында Қазақстан соттары 242 адам ақталып, 9 адам өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгенін (заңды күшіне енген үкімдер негізінде) айтты.
Өмір бойына бас бостандығынан айырылған 9 адам: Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша, адам өлтіру - 5 адам, Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша, зорлау - 1 адам, Қылмыстық кодекстің 121-бабы бойынша, сексуал сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны үшін - 3 адам өмір бойына бас бостандығынан айырылған.
"Сотталғандар туралы қолда бар мәліметтерге сәйкес, 1994 жылдан бері заңды күшіне енген үкімдер бойынша 73 адам өлім жазасына кесілген", - делінген жауапта.
Еске салайық, Қазақстанда өлім жазасын қолдану ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен тоқтатылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!