- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда қанша адам...
Қазақстанда қанша адам экстремизм мен терроризм үшін жазасын өтеп жатыр?
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев Қазақстанда қанша адам лаңкестік үшін жазасын өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Журналист ведомство өкілінен Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің отырысының кулуарында "Қазір елімізде діни терроризм үшін сотталғандардың саны қанша және олардың қаншасы қаңтар оқиғасына қатысқан?" деп сұраған.
Мейрам Аюбаев экстремистік және террористік қылмыс жасағаны үшін барлығы 343 адам сотталғанын айтты. Алайда экстремистік идеологияны ұстанатындарды қосса, олардың саны 484 адам болады.
"Осы күні бас бостандығынан айыру орындарында экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталған 343 адам отыр. Оның ішінде Қаңтар оқиғасы бойынша да бар. Қаңтар оқиғасы бойынша барлығы 62 тергеу жүргізіліп жатыр, 56 адам қамауда отыр", - деді ол.
Аюбаевтың айтуынша, сотталғандар туралы екі есеп: экстремистік, террористік қылмыстар үшін және Қылмыстық кодекстің баптары бойынша сотталғандар бар. Комитет төрағасының орынбасары жалпы елде экстремистік және террористік қылмыстар үшін сотталғандар саны өсіп жатпағанын айтты.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан