- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- АИТВ туралы
Қазақстанда қанша адам АИТВ жұқтырған?
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда қанша бала мен ересек адам АИТВ инфекциясын жұқтырғаны жөнінде ақпаратты ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша АИТВ инфекциясының алдын алу орталықтарында есепте тұрған адам саны - 32 231, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 372 бала бар.
Министрлік мәліметінше, АИТВ жұқтырғандарға динамикалық бақылау жүргізіледі. Оларды антиретровирус препараттарымен қамтамасыз ету кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) аясында жүзеге асырылады.
"АИТВ жұқтырған 18 жасқа дейінгі балалар Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы инфекция ошақтарындағы науқастар өмір бойы бір өндірушінің препараттарымен қамтамасыз етіледі", - деді министрлік өкілдері.
Антиретровирус терапиясының бірінші желісіне жататын препараттардың бір жылдық курсының құны - жылына 104 025 теңге. Ал бірінші желі препараттарына қарсы көрсетілімдер болған жағдайда тағайындалатын екінші желі препараттарының бір жылдық құны - 1 330 790 теңге.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова