Қазақстанда қандай үй арзандады?

Қазақстанда қандай үй арзандады?
Фото: elements.envato.com

Қазақстанда жаңа үйді сату бағасы тамызға қарай 4,4 пайызға өсті, ал қайталама нарықтағы пәтерлерді сату құны 2,9 пайызға төмендеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тамызда жайлы тұрғын үйді жалға алу былтырмен салыстырғанда бірден 17 пайызға өсті.

Өңірлердің ішінде бастапқы нарықтағы тұрғын үй бағасы Ақтауда 18 пайызға, ал Семейде 16 пайызға өсті. Қайталама нарықтағы үй бағасы бойынша да осы өңірлер алда тұр: Семей (25,3 пайыз), Ақтөбе (22,5 пайыз) және Қызылорда (15,5 пайыз).

Бір айда жаңа тұрғын үйді сату бағасы өзгеріссіз қалды, ал қайта сату құны тіпті 1,8 пайызға төмендеді. Тамызда жалдау бағасы шілдемен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті.

Биыл тамызда өткен айлармен салыстырғанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 38 810-ға өсті және бұл бір жылдағы ең жоғары өсім болды. Мәмілелер саны бойынша Астана (6 679, 18 пайызға өсім) және Алматы (5 928, 15,3 пайыз), сондай-ақ, Қарағанды облысы (3 705-9,5 пайыз) көшбасшы болып қала береді. Ең аз мәміле Ұлытау облысында жүргізілді, бары - 410 (1,1 пайыз).

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда тұрғын үй нарығы құлдырап жатқаны хабарланған еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова