Қазақстанда қандай тұрмыстық техника жиі қолданылады?

Қазақстанда қандай тұрмыстық техника жиі қолданылады?
Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтар тұрмыстық техника ішінен көбіне теледидар қолданады, - деп хабарлайды Ranking.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2021 жылы 11,7 мың үй шаруашылығы арасында зерттеу жүргізілген. Осы деректерге сәйкес, респонденттердің 99,9 пайызында теледидар, 2,5 пайызында үй кинотеатры, 4,5 пайызында радиоқабылдағыш, 12,4 пайызында музыкалық орталық, 30,1 пайызында спутник антеннасы, 4,2 пайызында бейнекамера болған. Ал 9,9 пайызында сандық фотоаппарат, 52,8 пайызында ноутбук, 19,3 пайызында планшет болған.

Ауылдық жерлерде радиоқабылдағыштармен қамтамасыз етілу деңгейі қалаларға қарағанда 2,7 пайыз артық болған, яғни 3,5 пайыз және 6,2 пайыз. Дәл осындай жағдай музыка орталықтары мен (11,3 пайыз және 14,3 пайыз) спутник антенналарына да (12,4 пайыз және 62,4 пайыз) байланысты.

2021 жылы халық теледидарлармен жоғары деңгейде қамтамасыз етілген: барлық өңірде қамтамасыз етілу деңгейі 100 пайыз болған. Тек оған Ақмола, Қостанай (99,8 пайыз) және Қарағанды (99 пайыз) облыстары кірмейді.

Үй кинотеатрлары көбіне Павлодар облысында (респонденттердің 5,1 пайызында) тіркелген, азы Шығыс Қазақстан облысында (барлығы 0,5 пайыз) болған.

Радиоқабылдағыштар Атырау облысында (сауалнамаға қатысушылардың 12,1 пайызында), азы Шымкентте (0,4 пайызы) байқалған.

Музыкалық орталықтар, бейнекамералар, фотоаппараттар, ноутбуктер мен планшеттер Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарында болған.

Биылғы маусымдағы қорытынды бойынша аудиовизуалды жабдықтар мен фотоаппараттардың, сондай-ақ, ақпаратты өңдеуге арналған жабдықтардың құны бір айда 4,4 пайызға, бір жылда 5,5 пайызға өскен. Ал теледидарлар 6,7 пайызға, ноутбуктер 3,4 пайызға, сымсыз құлаққаптар 3,1 пайызға өскен.

Ж. Қадыржанова