Қазақстанда қандай көлік нөмірлеріне тыйым салынғаны аталды

Ішкі істер министрлігі оқылуы мен айтылуы "сөз мәдениетіне жат" болғандықтан, алып тасталған мемлекеттік тіркеу белгілері қатарын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігі мәліметінше, кейбір әріп тіркестерін алып тастау туралы шешім тіл сараптамасы негізінде қабылданған.

"Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту комитетінің 2018 жылғы тілдік сараптамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалар үшін Қазақстан Республикасы Көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу белгілерінің оқылуы мен айтылуы сөйлеу мәдениетіне жат мынадай сериялары диапазоннан алып тасталды", - делінген Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауапта.

Ұсынылған тізімде 106 әріп комбинациясы бар. Бұл комбинациялар мыналар: AAM, BOK, CEX, FBP, HER, KAL, KOT, MAL, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK, GEY, GEI, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, GOS, IIN, QAS, OON, XUI, QR, HUY, ISK, HYI, QYS, XUY, JUN, XER, BOQ, QUL, SIK, QAN, SYK, JUT, QOR, QYQ, QOI, TYQ, JOI, JMI, JYN, GAI, IBU, VOR, EBU, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, IOX, IOH, LOX, LOH, COX, KOX, FBR, POX, KNB, MVD, OPG, EBR, AMM, SGL, ASS, HAX, NAX, AM, IB, KZ, PK, QU, KP, UD, WX, TG, NS, CS, PV, AK, WK, JO, AQ, AO, RK, NN, BS, ST, BA, AW, AP, AE, AX.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз