- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Көлік қозғалысы
Қазақстанда қандай жолдар жабылды?
Қазақстанның төрт өңіріндегі жолдарда көлік қозғалысы шектелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақмола облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 36-200 шақырым аралығында (Софиевка ауылы - Павлодар облысының шекарасы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Павлодар облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
- Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы автожолының 1135-1367 шақырым аралығы (Қарағанды облысының шекарасы - Атамекен ауылы);
- Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 200-254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Шідерті ауылы);
- Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы - Қарағанды облысының шекарасы).
Қарағанды облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Павлодар облысында ауа райының бұзылуына байланысты келесі жолдарда көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады:
- Қызылорда-Павлодар автожолының 970-1135 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы - Ботақара ауылы);
- Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара автожолының 231-324 шақырым аралығы (Қарағанды қаласы - Павлодар облысының шекарасы).
Ұлытау облысы:
2024 жылғы 21 қарашада сағат 19:00-де Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда-Павлодар автожолының 756-788 шақырым аралығында (Қарағанды облысының шекарасы - Жаңаарқа ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.
Жолды 2024 жылғы 22 қараша сағат 07:00-де ашу жоспарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан