Қазақстанда қандай жағдайда Ashyq қайтарылуы мүмкін?

Қазақстанда қандай жағдайда Ashyq қайтарылуы мүмкін?
Фото: Тұрар Қазанғапов

Коронавирус таралуы бойынша "қызыл" аймаққа өткен өңірлерде Ashyq қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қатаң карантин енгізу мәселесі қандай да бір өзгеріс жағдайында қаралады. Бірақ бүгінде Нұр-Сұлтан ғана "сары" аймақта орналасқан. Өңір "сары" аймақта тұрған кезде бизнеске жүктемесі бар қандай да бір қатаң шектеу іс-шараларын енгізу көзделмеген. Бірақ "қызыл" аймаққа өткен жағдайда Ashyq жүйесі енгізілуі мүмкін", - деді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова.

Оның айтуынша, шектеу іс-шараларын екі кезеңде енгізу көзделіп отыр.

"Бірақ бұл іс-шаралар ұлттық кәсіпкерлер палатасымен талқыланып жатыр. Шешім ВАК-та қаралу нәтижесі бойынша қабылданады", - деп түйіндеді ол.

Ж. Қадыржанова