Қазақстанда қақаған аяз қашан басылады?

Синоптиктер Қазақстанда 22, 23 және 24 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақстан аумағынан аяз әлі кетпейді. Ауқымды антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде әлі де аязды, желсіз ауа райы сақталады", - деді метеорологтар.

Болжам бойынша, оңтүстік циклон Қазақстанның оңтүстік, орталық және шығыс облыстарына ғана әсер етіп, жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болып, жел күшейіп, боран соғады.

"Аяз, тұман". Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз