Депутат Магеррам Магеррамов заңнамаға өзгерістер енгізілгенге дейін жыныс ауыстыру бойынша операциялар жүргізуді тоқтата тұруды талап етіп, Үкіметке депутаттық сауал жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жолдаған үндеуінде Магеррамов дәстүрлі отбасылық құндылықты сақтау қажет екенін мәлімдеді.
"Еліміздің бай тарихын, ата-бабаларымыз сақтаған өзіндік ерекшелігін, бізге мұра болып қалған мәдени және дәстүрлі құндылықтарды ескере отырып, жыныстық сәйкестендіру ауытқуы бар адамдар үшін жынысты өзгертудің қолайлылығы туралы мәселе туындайды. "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекске сәйкес психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бар адамдардан бөлек, 21 жасқа толған, жыныстық сәйкестендіру ауытқуы бар, әрекетке қабілетті адамдар жынысын ауыстыруға құқылы", - деді Магеррамов.
Депутат Үкіметке Қазақстандағы жыныс ауыстыру мәселесіне қатысты бірқатар сауал жолдады:
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин елде ЛГБТ-ны насихаттауға тыйым салуды ұсынды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!