Қазақстанның солтүстік және шығыс өңірлерінде жылыту маусымын 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Үкімет отырысында күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысы қаралды.
"14 қыркүйектен бастап Павлодар облысында жылыту маусымы басталды. Бұл жұмыстарды солтүстік және шығыс өңірлерде 1 қазанға дейін бастау жоспарланып отыр", - деді Ерлан Ақкенженов.
Сонымен қатар, Ұлытау, Абай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарындағы жылу беру нысандары Үкіметтің ерекше бақылауында.
"Сәтбаев қаласында жылу магистралін жаңғырту толық аяқталды, қазір желіні тазалау және сынау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Петропавл қаласының жылу магистральдары бойынша дайындық деңгейі - 95 пайыз, барлық жұмысты осы аптаның соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Степногорск қаласында желінің жалпы дайындық деңгейі - 76 пайыз. Оны 25 қыркүйекте аяқтау жоспарланып отыр. Семей қаласындағы үш жоба бойынша жоспардың орындалу деңгейі - 70 пайыз. Сутартқыш құрылғылар, жылу алмастырғыштар 26 қыркүйекте жеткізіледі", - деді министр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!