12 сәуірде өткен Мәжілістің кезекті отырысында депутат Асхат Рақымжанов еліміздегі көлік индустриясы туралы сөз қозғап, сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, қазір жылына 90 мыңға жуық отандық көлік өндіріледі, оның 10 мыңға жуығы экспортталса, 30 мыңнан аса көлік сырттан әкелінеді. Factcheck.kz осы деректерді тексеріп көрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Қазақстанда қазір жылына 90 мыңға жуық отандық автокөлік өндіріледі, оның 10 мыңы субсидиялар мен экспорттық кредиттер арқылы экспортқа жіберіледі", - деген Асхат Рақымжанов.
Басылым мәліметінше, үкім шындыққа жақын.
"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің индустриялық даму комитеті мәліметінше, 2022 жылы елімізде 103 345 көлік өндірілген. Оның 10 006-ы экспортқа жіберілген. Депутат айтқандай, жылына 90 мыңға жуық автокөлік өндірілмейді (2022 жылды қоспағанда)", - делінген басылым мәліметінде.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!