Қазақстанда жылдық инфляция деңгейі төмендеді - Ұлттық банк төрағасы

Қарашаның қорытындысы бойынша жылдық инфляция төмендеп, 12,4% деңгейінде тұрақтады. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ол инфляцияға ең үлкен үлесті азық-түлік тауарлары бағасының өсуі қосып отырғанын атап өтті. Жылдық көрсеткіш жекелеген азық-түлік өнімдерінің әлемде бағасы және ішкі өндірістің өсіп келе жатқан шығындарымен байланысты 13,4% болған.

"Қарашада азық-түлік емес инфляция 11,2%, ақылы қызметтер инфляциясы 12,3% болды. 2025 жылғы қазан-қараша айларында жылдық инфляцияның баяулауы Үкіметтің әкімшілік шаралары нәтижесінде тұрғын үй-коммуналдық қызметтер (ТКҚ) тарифтерінің төмендегенімен байланысты болды. Сонымен қатар, ТКҚ тарифтерінің көтерілуі мен ЖЖМ нарығын ырықтандырудың жанама әсерлері инфляцияға және инфляциялық көңіл-күйге айтарлықтай әсер етуде. Сондай-ақ тұрақты ішкі сұраныс, жалғасып жатқан фискалдық ынталандыру және инфляциялық көңіл күйдің артуы бағаның өсуіне әсер етіп отыр", - деді Тимур Сүлейменов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!