Қазақстанда жыл сайын қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады?

Қазақстанда жыл сайын қанша әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан көз жұмады?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев

Бас прокуратура Қазақстанда күн сайын полицияға тұрмыстағы оқиғаларға қатысты 300 шағым түсетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тұрмыстағы зорлық-зомбылық қоғамда ауыр мәселеге айналып барады. Жыл сайын елімізде осы азғындықтың кесірінен кем дегенде 80-ге жуық әйел көз жұмады, 150-ге жуығы ауыр, 200-дейі орташа, 4000-нан аса жеңіл жарақат алады. Полицияға күн сайын 300 хабарлама түседі", - деді Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Ол әйелдер мен балаларды ұрып-соғу, мүгедек ету немесе өлтіру сияқты әрбір жағдай алаңдататынын айтты. 

"2023 жылдың 10 айында 50 мың адам әкімшілік жауапкершілікке, 700 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді Әбішев.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек