Қазақстанда жыл басында теракт ұйымдастырылмақ болған - ҰҚК

Қазақстанда жыл басында теракт ұйымдастырылмақ болған - ҰҚК
Фото: gov.kz

Қазақстанда жыл басында теракт ұйымдастырылмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы терроризмге қарсы орталықтың отырысында белгілі болды. Отырыста елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланған.

Сонымен қатар, ҰҚК ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді.

Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал объектілерді, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Сатыбалдина