Қазақстанда жыл басынан бері қос азаматтығы бар 375 тұлға анықталды

Осы жылдың 10 айында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 3 022 шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты, оның ішінде сот шешімі бойынша 977 шетелдік азамат елден шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қос азаматтығы бар 375 тұлға анықталды.

Мәселен, Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің көші-қон қызметі ҚР ҰҚК-нің шекара қызметімен бірлесіп, әуежайды пысықтау кезінде Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңнамасын бұзған 32 жастағы АҚШ азаматын анықтады. Құқықбұзушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен әйел ҚР аумағына алдағы 5 жылда кіре алмайды. Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

Алматы әуежайында да дәл осындай қос азаматтық бойынша құқықбұзушылық Ресей Федерациясының үш азаматынан анықталды. Сот қаулысымен олардың екеуі ҚР аумағынан шығару түрінде әкімшілік жазаға тартылса, ал соңғысы 200 АЕК айыппұл арқалады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!