- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жыл басынан...
Қазақстанда жыл басынан бері кімдердің жалақысы өсті?
Жыл басынан бері су саласындағы 7000-ға жуық жұмысшының еңбекақысы өсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі тиісті министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1 қаңтардан бастап еңбекақысы тариф есебінен төленетін "Қазсушар" мамандарының айлығы орта есеппен 25 пайызға көтерілген. Ал 1 мамырдан бастап еңбекақысы республикалық бюджеттен төленетін бірқатар маманның айлығы 25 пайызға ұлғайған.
"Су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын ұлғайту бағытындағы жұмыс одан әрі жалғасады. Бұл бір күндік іс-шара емес және су шаруашылығы мамандықтарына қызығушылықты арттыруға мүмкіндік береді. Бұл біз үшін өте маңызды",- деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.
9 шілдеде елімізде су шаруашылығы саласы қызметкерлерінің күні аталып өтті.
Еске салайық, бұған дейін 1 шілдеден бастап кімдердің жалақысы көтерілетіні хабарланған еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова