Қазақстанда жыл басынан бері қанша жол апаты тіркелді?

Биыл 15 862 жол-көлік оқиғасы болған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл былтырмен салыстырғанда 92 пайызға артық. Яғни күрежолда 21 803 адам зардап шеккен. Оның 1480-і көз жұмды. Оқыс оқиғаның көбі Астанада болған. 8 айда 3485 адам зардап шеккен.

Ал Шымкент қаласында – 1342, Алматы шаһарында – 2502, Жамбыл облысында – 1 712 адам жол бойында келеңсіз жайтқа тап болған.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз