Қазақстан аумағында шетел азаматы 20 жылдан бері құжатсыз жүрген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
1951 жылы туған Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан аумағына 2000 жылдары келген. Қазақстан азаматымен отбасын құрып, бес балалы болған.
72 жастағы шетелдіктің айтуынша, ол сол жылдары құжат алмақ болған, бірақ қажетті құжаттарды толық жинақтап тапсырмапты.
Атырау полиция басқармасы Көші-қон полиция бөлімінің қызметкерлері шетел азаматын еліне қайтару үшін тиісті құжаттар тізбесін Ақтаудағы Өзбекстан Республикасының елшілігіне жолдаған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!