Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген

Қазақстанда жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов президентпен кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ержан Сәденов:

еліміздегі криминогендік ахуал жайында мәлімет берді:
      – жыл басынан бері қылмыс деңгейінің төмендеуі байқалып отыр. Атап айтқанда, қылмыстық құқықбұзушылықтар саны төрт мыңға, соның ішінде қылмыс жеті мыңға азайған;
      – қоғамдық орындарда жасалатын және кәмелетке толмаған азаматтардың қатысы бар құқықбұзушылықтар төмендеген;
      – қылмыстың барлық түрін ашу көрсеткіші жақсарған;
ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық әлеуетті арттыру жөнінде бұған дейін берген тапсырмаларының орындалу барысын баяндады;
«Заң және Тәртіп», құқықбұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидаттарын іске асыру, сондай-ақ қылмыстың алдын алу шаралары туралы айтты:
      – жыл басынан бері әкімшілік құқықбұзушылықтың жолын кесу көрсеткіші 45 пайызға ұлғайған, соның ішінде ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылғандар 30 пайызға, жол жүру ережесін бұзу фактілерін анықтау 47 пайызға артқан. Нәтижесінде, жүргізуші куәлігінен айырылғандар саны екі есе көбейген;
қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдай туралы ақпарат берді.

Мемлекет басшысы елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар міндет жүктеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!