Қазақстанда жүргізу емтиханына өз бетінше дайындалу алынып тасталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Жол жүрісі туралы" заңда көлік жүргізушілерін оқытуға қатысты түсіндірмелер енгізілген. Енді оларды оқыту арнайы білім беру ұйымдарында ғана жүзеге асырылатын болады, яғни өз бетінше оқыту алынып тасталды.
Сонымен қатар оқу және емтихан тапсыру кезінде нұсқаушылар көлік жүргізушісі болып танылады. Ал қалаларда оқыту келісілген бағыттар бойынша және көлік жүргізуді үйрететін маманның (нұсқаушының) қатысуымен жүргізілуге тиіс.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!