Полиция 30 мыңнан аса шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдарды, сондай-ақ, 2 мыңнан аса нысанды тексерді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тексеріс нәтижесінде көші-қон заңнамасын бұзудың 13 061 дерегі анықталған:
"Мәселен Алматы облысында Жамбыл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол 139 шетел азаматын тұрақты тіркеуге қою арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырғаны анықталды", - деді ІІМ өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!