"Бүгін кешке алғаш рет мемлекеттік міндеттерімді қою тұруға мәжбүрмін. Бірнеше минут бұрын Тамара екеуміздің ұлымыз дүниеге келді", - деп жазды Вучич Twitter-дегі парақшасында.
Айта кетейік, Вучич Қазақстанға екі күндік іс сапармен келген. Жұмыс сапары барысында Сербия президенті елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер Бақытжан Сағынтаевпен кездесуі тиіс болған.
Сербиялық көшбасшының дүниеге келген ұлынан бөлек тағы екі баласы бар.