Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге төмен?

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге төмен?
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі неге Финляндия мен Францияға қарағанда төмен? Бұл сұраққа Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ресми мәліметтерге сәйкес Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен. ОҚК-да өткен брифингте журналистер жауапты адамнан Финляндия немесе Францияда жұмыссыздық деңгейі 8 пайыздан жоғары, неге Қазақстанда 4,6 пайыз екенін сұрады.

"Бұл елдерде мемлекеттік органдар нашар жұмыс істей ме, әлде бізде есептеу әдісі басқаша ма?" – деген сұрақ қойылды.

Азиз Ибрагимовтың айтуынша, Қазақстанда жұмыссыздарды есепке алуды Ұлттық статистика бюросы таңдаулы зерттеу арқылы жүргізеді.

"Мұнда маңызды нәрсе: тіркелген жұмыссыздық пен тіркелмеген жұмыссыздық деген ұғымдар бар. Бірі - жұмыспен қамту орталықтарына барып тіркелген адамдар, екіншісі - ресми тіркелмеген, бірақ жұмыссыз жүрген азаматтар. Сондықтан бұл мәселе әр ел қолданатын әдіснамаға байланысты", – деді Ибрагимов.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget