Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт салынады

Қазақстанда жүк көлігін шығаратын зауыт салынады
Фото: depositphotos.com

Қазақ-Қытай кәсіпкерлері бірлесіп Қазақстанда жүк көлігін шығару бойынша келісімге қол қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің қатысуымен Қазақстан-Қытай инвестициялық дөңгелек үстелі өтті.

Онда қытайлық және қазақстандық компаниялар бірігіп Қарағанды облысының Саран қаласында зауыт салатын болды.

"Жаңа кәсіпорын құру бізге қосымша 1,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ дәнекерлеу, катафорез, бояу және шағын торапты құрастыру үшін заманауи жабдықтар сатып алынады. Жас инженерлер Қытайда қолданылатын жаңа дағдыларды игеруге мүмкіндік алады", - деді бірлескен жобаның жетекшісі Арғұлан Майқонов.

Айта кетерлігі, кездесу нәтижесінде жалпы сомасы $2,5 млрд болатын 8 коммерциялық келісімге қол қойылды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

E. Aitkazina