• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны бір қаланың халық санымен шамалас

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны бір қаланың халық санымен шамалас
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда кейінгі он жылда жол апатынан 23 мыңнан аса адам қаза тапқан. Бұл көрсеткіш шамамен Түркістан облысындағы Жетісай халқының санына тең. Бұл туралы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әлкенев мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлкеновтің айтуынша, бұл талдау жол апаты факторларының өзгеріссіз қалатынын көрсетеді.

"Былтыр жол апатынан екі мыңнан аса азамат мерт болды, ал кейінгі он жылда жолдарда 23 мыңнан аса адам қаза тапты. Бұл Түркістан облысындағы Жетісай қаласының халық санымен шамалас. Комитет адам зардап шеккен немесе қаза тапқан жол апаттарының есебін жүргізеді", - деді ол Сенаттағы дөңгелек үстел барысында.

Жол апаттарының себептерінің ішінде жол қозғалысына қатысушылардың, соның ішінде жаяу жүргіншілердің тәртіп сақтамауы бар екен.

Ведомство өкілінің айтуынша, тағы бір фактор - халық арасында, оның ішінде оқушылар арасында профилактика мен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары әлсіз болуы, мемлекеттік және ведомстволық қызметтер арасында тиісті үйлестіру мен өзара іс-қимыл болмауы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget