Қазақстанда Жоғарғы Сот төрағасы ауысты

Жақып Асанов соттың төрағасы қызметінен босатылды. Оның орнына Асламбек Мерғалиев сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Жақып Асанов жаңа жұмысқа орналасуына байланысты қызметінен босатылды. Ол бес жыл бойы Жоғарғы Соттың төрағасы қызметін атқарды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы лауазымына Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиевті сайлауды ұсынған еді. Сенат депутаттары оның кандидатурасын мақұлдады.

Асламбек Мерғалиев 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!