Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді

Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Фото: Google Карта

Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы мәлімдеді.

"2025 жылғы 4 қаңтарда Астана уақыты бойынша сағат 12:05:55-те ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС-ның сейсмикалық станциялар желісі Қазақстан аумағында жер сілкінісін тіркеді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 420 шақырым қашықтықта орналасқан", - делінген жедел хабарламада.

Жер сілкінісі сезілмеген.

Еске салайық, бұған дейін Қырғызстанда бір сағат айырмашылықпен екі жер сілкінісі болғаны туралы хабарланған еді. Эпицентрдегі сілкініс күші 3-3,5 балл болған.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан