- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жер мен...
Қазақстанда жер мен мүлік салығы біріктіріледі
Фото:
freepik.com
2020 жылдан бастап Қазақстанда жер мен мүлік салығы біріктіріледі. Бұл туралы ҚР МКК Салық салу әдіснамасы департаменті директорының міндетін атқарушы Дәулет Жарылғасынов хабарлады.
"Департамент мүлік салығы мен жер салығы төлемін жеңілдетуді көздеп отыр. Осы мақсатта "ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы арқылы салық элементтерін өзгертпестен осы салықтарды (жер мен мүлік) біріктіру ұсынылды", - деді Дәулет Жарылғасынов.
Оның айтуынша, жер мен мүлік салығы жеке-жеке есептеледі, ал салық төлеушіге біріктірілген бір сома ұсынылады.
Сондай-ақ, салық жобасында көпқабатты тұрғын үйлердің иелерінен жер салығын алып тастау да қарастырылған.
Massaget