Қазақстанда жеміс-көкөніс шырыны өндірісі 10 жылда 3 есеге жуық қысқарған. 2022 жылғы қаңтар мен қараша аралығында 65,4 миллион литр жеміс-көкөніс шырыны өндірілген. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 7,2 пайызға артық. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, өңірлер арасында Алматы облысына (27,9 миллион литр), одан кейін Алматы (4,7 миллион литр) және Түркістан облысына (1,3 миллион литр) өндірістің айтарлықтай көлемі тиесілі, - деп хабарлайды Energyprom.kz.
Былтыр өндірілген шырынның жалпы көлемінің 94,3 пайызы - жеміс шырындары. Яғни 61,7 миллион литр, 2021 жылмен салыстырғанда 7,9 пайызға артық. Көкөніс шырындары 3,7 миллион литр болды, 2021 жылға қарағанда 2,7 пайызға аз.
Айта кетейік, былтыр өндіріс көлемі біршама өскеніне қарамастан, көпжылдық динамика бойынша Қазақстанда шырын өндірісі төмен деңгейде. Мәселен, он жыл бұрынғы осы кезеңдегі деректермен салыстырғанда, жеміс шырыны өндірісі 2,6 есеге, көкөніс шырыны өндірісі 80 пайызға қысқарған.
Жеміс шырындарының ішінде апельсин өндірісі айтарлықтай көбейген. 2022 жылғы қаңтар-қараша аралығында 26,9 миллион литр болса, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға көп. Одан кейін алма және ананас шырындары тұр: 14,7 миллион және 1,8 миллион литр. Сонымен қатар, алма шырынын өндіру бір жылда 20,4 пайызға өсті, ал ананас шырыны өндірісі 17 пайызға қысқарды. Сондай-ақ, жеміс шырындарының қоспасы өндірісі артқан: 14,3 миллион литр, бір жылдағы өсім - 4 пайыз.
Көкөніс шырындарының ішінде шығарылымның барлық көлемі қызанаққа сай келеді: 3,7 миллион литр. 2021 жылғы қаңтар-қараша аралығында өндірілгеннен 1,7 пайызға аз.
Былтырғы желтоқсанның қорытындысы бойынша жеміс-көкөніс шырындарының бағасы бір айда 1,7 пайызға өсті. 2022 жылы қымбатшылық наурыз бен сәуірде айтарлықтай байқалды.
Бір жыл ішінде жеміс-көкөніс шырындарының бағасы 28,1 пайызға өсті. 2022 жылғы желтоқсанның қорытындысы бойынша өңірлер арасында елеулі жылдық өсім Қызылорда (45 пайызға), Жетісу (41 пайызға) және Ақмола (37,6 пайызға) облыстарында байқалды.
Жылдық өлшемде көкөніс шырындары айтарлықтай қымбаттаған: орташа есеппен бірден 31,1 пайызға. Өңірлік бөліністе көкөніс шырындары Батыс Қазақстан (53,3 пайызға), Атырау (42,8 пайызға), Түркістан (42,6 пайызға) және Қызылорда (40,5 пайызға) облыстарында, сондай-ақ, Астанада (39 пайызға) қымбаттаған.
Жеміс шырындары орташа есеппен жылына 27,9 пайызға қымбаттады, ал өңірлер арасында Қызылорда (45,3 пайызға), Жетісу (41,3 пайызға), Ақмола (38,2 пайызға ), Абай (33,5 пайызға) және Атырау (32,3 пайызға) облыстарында байқалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!