- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қазақстанда жемқорлардың тізімі...
Қазақстанда жемқорлардың тізімі жариялануы мүмкін
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы күресу үшін заңды жетілдіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап.
Агенттік әзірлеген заң жобалары Мәжілістегі жұмыс тобында қаралып жатыр:
- "Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы";
- "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы".
Түзетулердің басым бөлігі жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған. Онда төмендегі нормалар енгізіледі:
- Жемқорлардың жария тізілімін енгізу қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын тудыруға ықпал етеді – адамның жемқорлық қылмыс жасағаны туралы ақпарат жария етілсе, ал жемқорлық қылмысын жасау дерегі ұят іс-әрекет саналады.
- Пара беру туралы уәдені/ұсынысты криминализациялау және мұндай ұсынысты қабылдау қоғамда тиісті мәдениетті қалыптастырады.
- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін шенеуніктердің, жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігін күшейту бойынша түзетулер көзделген (айыппұлдар еселеп өседі, ескіру мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұзарады).
"Тұрмыстық жемқорлықты жою бөлігінде банктердің, жоғары оқу орындарының, ауруханалардың және басқа да мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметкерлерінің бопсалау арқылы заңсыз сыйақы алу фактілерін ашудың тиімділігін арттыру бойынша түзетулер көзделген.
Қылмыстық кодекс сыйақыны заңсыз бергені үшін жаңа баппен толықтырылады. Бұл тек алушыларды ғана емес, пара берушілерді де жауапқа тартуға мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
А. Есен