Қазақстанда жел, шаңды дауыл және тұман болады

10 қазанда Астанада және Қазақстанның 12 өңірінде ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астанада түнде және ертеңгісін тұман басады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Петропавлда күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады деп күтіледі.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 17-22, екпіні секундына 25 метр болады.

Түнде 10-12 қазанда Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, 10-12 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында секундына 15-20 метр, 10-11 қазанда екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Түнде 10-12 қазанда таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі. Таразда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 10 қазанда екпіні секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл, жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күші секундына 15-20 метр болады.

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында шаңды дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз таулы аудандарда секундына 23 метр болады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Шымкентте күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады. Түркістан қаласында 10 қазанда кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады. Атырау қаласында күндіз 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні секундына 15-20 метр болады, күндіз 15-20, облыстың шығысында кей уақытта екпіні секундына 25 метр болады. Ақтауда 10 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады. Көкшетауда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең секундына 15-20 метр боладыбатысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 10 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Оралда 10 қазанда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!