Қазақстанда жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу ақысы төмендемек

Қазақстанда жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу ақысы төмендемек
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

ІІМ жеке куәлікті жеделдетілген тәртіппен алу ақысын төмендетуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұйрық жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

Түзетулер бойынша жеке басын куәландыратын құжаттарды жедел дайындау құны төмендейді:

Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалалары бойынша:

  • 1 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
  • 3 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.

облыс орталықтары үшін:

  • 3 жұмыс күніне дейін - 4 983 теңгеден 3 372,45 теңгеге дейін;
  • 5 жұмыс күніне дейін - 2 752 теңгеден 1 770,88 теңгеге дейін.

облыстардың аудандары мен қалалары бойынша:

  • 7 жұмыс күніне дейін - 1116 теңгеден 677,95 теңгеге дейін.

Жоба 30 қазанға дейін ашық талқыланады.

Аяз Есен

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz