Енді жаңа куәлікті онлайн рәсімдеуге болады. eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасы арқылы жеке куәлікті онлайн түрде ауыстыруға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қызметке тапсырыс беру үшін eGov.kz порталында тіркеліп, қажет қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, мәліметтерді толтыру, қол қою әдісінің бірі арқылы өтінімді растау және мемлекеттік баж салығын банк қосымшасы арқылы төлеу қажет.
Мобильді қосымша арқылы өтінім беру үшін қосымшада тіркеуден өту, тиісті қызметті таңдап, биометриялық сәйкестендіруден өту, қажет деректерді толтыру, құжатты алу орнын көрсету, мемлекеттік баж салығын төлеу және өтінімді Face/Touch ID арқылы растау қажет.
Бұл қызметті тек жеке куәлік иесі ала алады. Басқа адамның атынан, тіпті сенімхат немесе қамқоршылық негізінде де өтінім беру мүмкін емес.
Жеке куәлікті онлайн түрде тек оның қолданылу мерзімі аяқталған жағдайда ауыстыруға болады, яғни құжат мерзімі аяқталғанға дейін 30 күн бұрын немесе мерзімі өткеннен кейін 10 күн ішінде.
Жаңа жеке куәлікті алдын ала көрсеткен тіркеу пунктінен алуға болады. Құжатты дайындау мерзімі - 15 жұмыс күні.
Құжатты жедел рәсімдеу қажет болған жағдайда тез арада қызмет көрсету түрлері қолжетімді:
Кейбір жағдайларда пайдаланушылар биометриялық сәйкестендіруден өте алмауы мүмкін. Бұл бет-әлпетінің ерекшеліктеріне, операциядан кейінгі өзгерістерге, тыртықтар болуына, жас ерекшеліктеріне немесе мимикаға байланысты болуы ықтимал.
Мұндай жағдайлар қызмет көрсетуден бас тарту болып саналмайды, бұл қауіпсіздік шарасы ретінде қарастырылған. Онлайн сәйкестендіруден өту мүмкін болмаған жағдайда жүйе автоматты түрде балама нұсқа, яғни ХҚКО арқылы рәсімдеуді ұсынады. Бұл кезде өтініш беруші өзіне ыңғайлы кез келген ХҚКО-ға жүгіне алады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!