2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ-ге сілтеме жасап.
Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері:
- 1,9 миллион жеке куәлік;
- 1,1 миллион Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты;
- 303 мың балаға төлқұжат берілген.
"Жеке куәлікті алғаш рет рәсімдеу, сондай-ақ оның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру тегін болады", - деді комитет төрағасы Аслан Аталықов.
Неге қалған құжаттар қымбаттап жатыр?
Айта кетейік, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төлқұжат, жүргізуші куәлігі және басқа да құжаттарды рәсімдеу айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) өсуіне байланысты қымбаттайды. АЕК 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өседі.
Бағалар:
- 16 жасқа дейінгі баланың төлқұжаты (24 бет) - 17 300 теңге (4 АЕК) (2025 жылы - 15 728 теңге).
- Қарапайым төлқұжат (36 бет) - 34 600 теңге (8 АЕК) (2025 жылы - 31 456 теңге).
- 48 беттік төлқұжат - 51 900 теңге (12 АЕК) (2025 жылы - 47 184 теңге).
- Жеке куәлік - 865 теңге (0,2 АЕК) (2025 жылы - 786 теңге).
Егер жеке куәлік жыл ішінде екі реттен көп жоғалса, 1 АЕК - 4 325 теңге төлеуге тура келеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Massaget.kz