Қазақстанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы пайда болуы мүмкін
Фото: еlements.envato.com

Жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасының жобасы әзірленеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мен "Отбасы банк" АҚ қазақстандық жастар үшін тұрғын үй несиесінің қолайлы шарттарын және тұрғын үй жағдайларын жақсарту қажеттілігін айқындау бойынша бірлесіп зерттеу жүргізеді. Зерттеу негізінде бірыңғай жастар тұрғын үй бағдарламасының арнайы жобасы әзірленеді.

"Отбасы банк" АҚ өңірлік әкімдіктермен бірлесе отырып, жастарға арналған дербес бағдарламаларды іске қосып жатыр. Бұл - "Елорда жастары", "Алматы жастары", "Қарағанды жастары", "Әулиеата жастары", "Қостанай жастары". Жақын арада осындай бағдарлама Атырауда да ("Алатау жастары") іске қосылмақ", - делінген хабарламада.

Өңірлік тұрғын үй бағдарламаларына қатысу үшін іріктеу критерийлері әр өңірге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Несие беру шарттары әдетте стандартқа сай: бастапқы жарна кемінде 10 пайыз болу керек, несие мөлшерлемесі жылдық 5 пайыз, несие мерзімі 19 жылға дейін.

Жастардың бірыңғай тұрғын үй бағдарламасының жобасын әзірлеу  "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мен "Отбасы банк" АҚ қол қойған ынтымақтастық туралы Меморандум негізінде жүзеге асады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек