Қазақстанда жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан

Қостанай облысында жасөспірімдер WhatsApp аккаунттарын алаяқтарға сатқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полиция Жітіқара қаласының 15 жастағы үш тұрғынын анықтады. Олар WhatsApp аккаунттарын телефон арқылы алаяқтық жасайтын адамдарға сатқан.

Тергеу деректеріне сүйенсек, жасөспірімдердің аккаунттарын пайдаланған алаяқтар Қостанай қаласының екі тұрғынын жалпы сомасы 11 миллион 950 мың теңгеге алдаған. Қаскөйлер жәбірленушілерге қоңырау шалып, түрлі сылтаулармен SMS арқылы келген кодты айтуды сұраған.

"Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша жасөспірімдердің іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, олардың ата-аналарын жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылмақ", - деді ІІМ өкілдері.

Құқық қорғау органдары ата-аналарды балалардың интернеттегі іс-әрекетіне назар аударуға шақырды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!