Қазақстанда жәрдемақы түрлерінің бірі өседі

Қазақстанда жәрдемақы түрлерінің бірі өседі
Фото: elements.envato.com

Премьер-министр Әлихан Смайылов "Мемлекеттік қордан төленетін әлеуметтік төлем мөлшерін арттыру туралы" қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан еңбек ету қабілетінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайларына тағайындалған әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап алатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерінен 8,5 пайызға арттыру жүргізілсін", - делінген қаулыда.

Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіліп, ресми жариялануға тиіс.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек